Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Балалардың қабілеттерін диагностикалау және дамыту технологиялары: тәжірибе, мәселелер және болашағы»


🌟 2025 жылғы 3 маусымда Астанада «Балалардың қабілеттерін диагностикалау және дамыту технологиялары: тәжірибе, мәселелер және болашағы» тақырыбындағы II Халықаралық психологтар форумы басталды.

📍 Іс-шара Астана халықаралық қаржы орталығының базасында өтіп жатыр және оған түрлі өңірлер мен елдерден мамандар жиналды.

🤝 Форумға Солтүстік Қазақстан облысынан келген делегация белсенді түрде қатысуда.

🕘 Таңертең Өзбекстан, Италия, Испания, Малайзия және Словениядан келген жетекші халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық отырыс өтті, ал түстен кейін жұмыс секциялық бағытта жалғасты.

🎙 «Кәсіптік бағдар: еңбек нарығындағы қазіргі жағдайды ескере отырып, кәсіби траекторияны анықтау» секциясы аясында «Мектепке дейінгі ұйымнан бастап ЖОО-ға дейін: кәсіптік бағдардағы сабақтастық пен тәжірибе» тақырыбында «Әдістемелік орталық» КММ директоры Сәркен Роза Сәкенқызы баяндама жасады.

📝 Форум барысында «Әдістемелік орталық» КММ мен «Ел үміті» корпоративтік қоры арасында әрі қарайғы ынтымақтастық туралы меморандумқа қол қойылды.


Пікір жоқ
50 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 04.06.2025 в 13:09

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour