Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2025 жылдың 6 мамыр күні Айыртау ауданында “Құндылыққа негізделген оқу-тәрбие: тәжірибе және жаңашылдық" атты облыстық семинар табысты өтті.


📌 2025 жылдың 6 мамыр күні Айыртау ауданында “Құндылыққа негізделген оқу-тәрбие: тәжірибе және жаңашылдық" атты облыстық семинар табысты өтті.
Семинар барысында қатысушылар төрт бағыт бойынша секцияларға бөлініп, тәжірибе алмасып, өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Әр секцияда жаңашыл әдістер қолданылып, ашық сабақтар, кіріктірілген сабақтар мен тренингтер ұйымдастырылды. Мектеп жанындағы шағын орталығында өткізілген "Даналық мектебі" жобасы аясындағы іс-шара ерекше қызығушылық тудырды. Іс-шараға әкелер белсене қатысып, отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін нығайтуға арналған жұмыстардың маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, көрмеде оқушылардың “Робототехника” жобалары мен қолданбалы өнер туындылары таныстырылып, қатысушылардың ерекше қызығушылығын оятты.
Семинардың жабылу рәсімінде "Достығымыз жарасқан" атты концерттік бағдарлама ұсынылды.


https://www.facebook.com/cmirito/videos/1225028555936023 


Пікір жоқ
54 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 08.05.2025 в 18:44

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour