📌Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының қызметі аясында 10 сәуірде «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ бейнелеу өнері және еңбекке баулу сабақтарын жобалауға арналған семинар өтті.
Петропавл, Аққайың, Тайынша, Қызылжар аудандарынан 30-дан астам педагог қатысты. Семинар функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен технологиялық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Шебер-сыныптарда педагогтер түрлі материалдар мен техникалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен тәсілдерін көрсетті. Семинар соңында қатысушылар алған білім мен тәжірибе оларға білім беру процесін жетілдіруге көмектесетініне сенім білдірді.
Пікір жоқ
166 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 11.04.2025 в 15:43