
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2025 жылғы 19 наурыз күні Петропавл қ. «Арай» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі балаларда ұлттық құндылықтарды ойын әрекеті арқылы қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Іс-шараға Петропал қаласының Қызылжар, Мамлют, Аққайын, М.Жұмабаев, Есіл аудандарының педагогтері қатысып тәжірибе алмасты.

Педагогтер семинарда өздері үшін пайдалы ақпаратты атап өтті, балабақшалары жұмысының тәжірибесін педагогикалық қызметінде мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық құндылықтарын дамыту үшін ойын технологияларын өз қызметінде пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.

Жас мамандар семинарда көп нәрсені үйренді және тәжірибелік қоржындарын толтырды.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.03.2025 в 21:38