
Мектеп кітапханасы білім беру кеңістігінде ерекше орын алады. Мектеп кітапханасының әлеуетін барынша пайдалану үшін мұғалімдер мен кітапханашылар арасындағы тұрақты ынтымақтастық қажет.

Тайынша ауданының «№1 Чкалов орта мектебі» КММ базасында «Оқушылардың оқырмандық сауаттылығын арттыру үшін мектеп кітапханасы мен пән мұғалімдерінің тиімді өзара іс-қимылы» атты облыстық семинар дәл осы тақырыпқа арналды.

Іс-шараға М.Жұмабаев, Аққайың, Ақжар, Айыртау, Уәлиханов аудандарының кітапхана қорлары бойынша әдіскерлері, кітапханашылар, пән мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында спикерлер мектеп кітапханаларының білім беру үдерісіндегі рөлін талқылады; балалар мен жасөспірімдер арасында оқуды насихаттаудың тиімді формалары мен әдістерімен бөлісті; оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту және оқу үдерісіне балаларды тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын цифрлық технологияларды көрсетті.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 14.03.2025 в 17:03