
Қай салада болмасын жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең басты мәселе – әріптестермен іс-тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдерді үйрету және кәсіби біліктіліктерін шыңдау. Осындай мәселелерді шешу жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатыр.

Сондай жұмыстардың бірі - 2025 жылдың 22 қаңтарында «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ базасында республикалық «943- елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында мақсатты мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларына арналған «Мәтінмен жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Облысымыздың жетекші, шебер ұстаздары тыңдалым мен оқылым мәтіндерімен тиімді жұмыс жасау жолдарын және сабақта заманауи әдістерді қолдану бойынша ашық сабақ және шеберлік сыныптар көрсетіп,тәжірибе алмасып, өз әріптестеріне әдістемелік көмек көрсетті.

Семинардан мұғалімдер өздеріне қажетті ақпараттарды, мәтінмен тиімді жұмыс жасау жолдарын, оқылым стратегияларын қолдануды үйреніп, білім қоржындарын толықтырып қайтты.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 23.01.2025 в 08:41