2024 жылдың 29 қарашасында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» базасында «Ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Мұғалімдердің ата-аналармен өзара тиімді әрекеттесу формалары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты — мұғалімдер мен ата-аналардың арасында тиімді қарым-қатынас орнату, ата-аналар жиналыстарын ұйымдастырудың заманауи әдістерін енгізу. Семинар барысында мұғалімдер ата-аналармен өзара әрекеттесу әдістері, оқушылардың білім деңгейі мен тәрбиесіне ата-аналардың ықпал ету тәсілдері туралы тәжірибе алмасып, жаңа білімдермен танысты.
Семинарда сынып жетекшілер ата-аналармен әртүрлі форматта қарым-қатынас жасау, олардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, оқу-тәрбие процесін тиімді басқару жолдарын талқылады. Бұл шара ата-аналармен байланыс орнатудың маңыздылығын көрсетіп, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Пікір жоқ
282 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.11.2024 в 19:43