23 қазан 2023 жылы «Бала шақтан - болашаққа» тақырыбындағы I Халықаралық мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің форумы аясында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық: тиімді оқытудың факторы» тақырыбында секция өтті, ол «Мирас» балабақшасының базасында ұйымдастырылды.
Іс-шараға 30-дан астам мектепке дейінгі ұйым педагогтері, білім бөлімінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі сынып тәрбиешілері қатысты.
Секция барысында қатысушылар белсенді түрде тәжірибе алмасты, балабақшалар мен мектептер арасындағы өзара әрекеттесудің сәтті мысалдарын ұсынды. Семинар мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық, сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы балалардың ерте кәсіби бағдарлануы туралы өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды.
Педагогтер Форумның тәжірибе алмасу үшін тамаша платформа болғанын атап өтті және ұсынылған ресурстар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Пікір жоқ
125 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 23.10.2024 в 18:14