Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2024 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті және Ы. Алтынсарин ҰБА «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы: болашаққа қадам» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.


🔰2024 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті және Ы. Алтынсарин ҰБА «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы: болашаққа қадам» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
📌Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуда тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер және инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесін айқындау.
📎СҚО өкілі ретінде бастауыш сынып мұғалімі Беляева Е.В өз тәжірибесімен бөлісті. Конференция барысында әріптестеріміз қазіргі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықтың маңыздылығын, оның білім алушылардың өмірде табысты болуына әсерін талқылады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оларды білімнің практикалық қолданылуына бағыттау - бүгінгі таңдағы басты міндетіміз. Қатысушылар әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын ұсынды. Пән мұғалімдерінің тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашыл идеялармен алмасу семинардың басты құндылығы болды.


Пікір жоқ
135 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.10.2024 в 19:49

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour