Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Адамның жеке басын қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі-жеке қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеу.


⚜️Адамның жеке басын қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі-жеке қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеу. Баланы қауіптен қорғап қана қоймай, оны ықтимал қиындықтармен кездесуге дайындау, ең қауіпті жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру, сақтық шараларын сақтау қажеттілігі, оған күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру маңызды.
🔖Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру-Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ бірлесіп іске асыратын «ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ» жобасының негізгі мақсаты.
🔗Ынтымақтастық және бірлескен өзара іс – қимылды іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 27 ақпанда СҚО ТЖД қызметкерлерінің мектептегі өзін-өзі басқару үйлестірушілерімен және оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерімен – ТЖМ «Әр уақыттың өз батырлары бар» тақырыбында вебинар өтті.
📍Әңгімелесу барысында оқушылар төтенше жағдайлар туындаған кезде қауіпсіздік шаралары, ТЖД мен ТЖМ жұмысы туралы ақпарат алды, құтқарушы мамандығының маңыздылығы мен тектілігін ашатын бейнефильмді көрді.


Пікір жоқ
432 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.02.2024 в 17:45

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour