Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2024 жылғы 31 қаңтарда облыстың әдістемелік қызмет қауымдастығының «Әдістемелік қызметті дамытудың өзекті трендтері: проблемалар, тәжірибе, табысты практика» тақырыбында кезекті отырысы өткізілді.


⚜️2024 жылғы 31 қаңтарда облыстың әдістемелік қызмет қауымдастығының «Әдістемелік қызметті дамытудың өзекті трендтері: проблемалар, тәжірибе, табысты практика» тақырыбында кезекті отырысы өткізілді.
Кездесу барысында 2024 жылға арналған жоспарлар мен әдістемелік кабинеттер жұмысының перспективалық бағыттары белгіленді. Сондай-ақ, Республикалық және облыстық іс-шаралар пулының тұсаукесері өтті.
«Үздік педагог» республикалық байқауының қорытындысы мен 2024 жылы өтетін байқауға дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Нәтижелілікті арттыру үшін конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар белгіленді.
🗓️Отырыстың практикалық блогы педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу жұмысы барысында туындайтын проблемаларды айқындауға және талқылауға бағытталды, SWOT-талдау жүргізілді және жұмыстың әрбір бағытын жақсарту жолдары ұсынылды.
🖍️Әдіскерлер «Әдістемелік жұмыстың қазіргі заманғы үлгілері мен нысандары» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ белсенді қолданылып жүрген педагогикалық өзара іс-қимыл тәсілдерін ұсынды. Жас педагогтерді әдістемелік сүйемелдеуге ерекше көңіл бөлінді.
📌Отырыстың жұмысы тиімді түрде өрбіді, көтерілген әр мәселе бойынша ұсынымдар мен кеңестер берілді. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан кері байланыстар берілді, олар өз ойларымен бөлісті және рефлексия түріндегі қорытынды жасалды.


Пікір жоқ
245 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 01.02.2024 в 09:46

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour