Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

25 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейі «Зерттеу ортасындағы коллаборация: педагогтер, оқушылар және ата-аналар» облыстық семинарына қатысушыларды қарсы алды.


⚜️ 25 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейі «Зерттеу ортасындағы коллаборация: педагогтер, оқушылар және ата-аналар» облыстық семинарына қатысушыларды қарсы алды. Аталмыш семинар «Әдістемелік орталық» КММ «Zerdeli ystaz» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: педагогтердің зерттеу мәдениеті деңгейін арттыру, зерттеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша тәжірибе алмасу. Семинарға облыс мұғалімдері, әлеуметтік серіктестіктер (Астана, Қарағанды), Lesson Study и Action Research тәсілдерін жетілдіру бойынша мектеп-алаңдары педагогтері, "Қала-ауылға" облыстық жобасының мүшелері (Айыртау ауданы) қатысты.
Семинар қатысушыларды Speaking Club «Show and tell» отырысында зерттеудің теориялық негіздерін меңгеруге бағыттады. Келесі "Дәстүрлі мектептен зерттеу мектебіне 4 қадам" әдістемелік старт-квест кезеңінде қатысушылар мектеп деңгейінде әрекеттегі зерттеуді ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысты.
5 шығармашылық топ Lesson Study циклдерінен зерттеу сабақтарын көрсетті, осы бағыттағы өздерінің тәжірибелерін эксперттік сессияда ортаға салды.
Қорытынды шарада командалық дискуссия өтті, яғни: мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар бірігіп, оқу-тәрбие үдерісіндегі мәселелерді ортақтаса отырып шешу жолдарын көрсетті. Кейстерге жауап беру педагог-зерттеушілердің барлық мәселелерді толығымен қалай шешуге болатынын көрсетіп берді.
Семинарға қатысушылар өткен іс-шараларға жоғары баға берді.Олар серіктестік, өзектілік, мазмұндылық атмосферасын сезінгендерін, сонымен қатар, шараның жаңашылдық форматын атап өтті.
Семинар қорытындысы - ол жағымды орта, эффективті тәжірибе, шығармашылықтың жаңа шыңы және педагогикалық ортадағы коллаборация болды.

https://www.facebook.com/cmirito/videos/404907245361244


Пікір жоқ
239 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 25.01.2024 в 17:40

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour