2023 жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің интернет-ресурсында жарияланған «Сапалы білім беру баршаға қолжетімді» Ұлттық баяндама жобасының мазмұнын талқылау бойынша Солтүстік Қазақстан облысының педагогикалық қауымдастығы өкілдері тобының отырысы өтті. Диалогқа 120-дан астам педагог, білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, пән мұғалімдері қауымдастығының төрағалары қатысып, жобаның «Әр мектеп – үздік мектеп» бөлімі бойынша сындарлы пікірлер мен ұсыныстар айтты. Ұстаздар бірлескен жұмысының нәтижелі болғанына сенім білдірді.
Пікір жоқ
46 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 09.11.2023 в 09:46