Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кезекті отырысы

    2021 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың танымдық құзіреттілігін арттыру» тақырыбында отырысы өтті.


    2021 жылғы 10 желтоқсанда Білім   саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы мен №25 жалпы білім беретін орта мектебі педагогтарының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың танымдық құзіреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кезекті отырысы өтті.

    Кез - келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру.

    «Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан  оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Осы орайда сөз алушы спикерлеріміз заманауи, өзекті деген түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өте тартымды баяндамалар оқылды. Отырысымызға  100 астам педагог қатысты. Әріптестер арасында кері байланыс өте тиімді өтті.


Пікір жоқ
291 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.12.2021 в 18:03

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour