Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру бойынша үздік педагогикалық практикалармен алмасу бойынша халықаралық онлайн семинар-практикум

2021 жылғы 9 желтоқсанда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері халықаралық онлайн семинар-практикумға қатысты.


    2021 жылғы 9 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан, Омбы облысы, Алтай өлкесі білім беру ұйымдарының дарынды балаларымен жұмыс істейтін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері инновациялық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының қызметі шеңберінде өткен XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру бойынша үздік педагогикалық практикалармен алмасу бойынша халықаралық онлайн семинар-практикумға қатысты.
    Іс-шара бағдарламасына мыналар кірді:

    1. Бастауыш мектепте гимназия, лицей оқушыларымен жұмыс тәжірибесін ұсыну.

    2. 3 – сыныптағы кіріктірілген (кескіндеме – тіл-әдебиет) полилог-сабақты қарау.

    3. Қатысушылармен кері байланыс (диалогтік қарым-қатынас).

    "Петропавл қаласының Бірінші гимназиясы" КММ мұғалімдері Медведева Елена Александровна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Николаенко Татьяна Геннадьевна, бейнелеу өнері мұғалімі, Зайцева Марина Васильевна, шет тілдер мұғалімі дарынды балалармен жұмыс шеңберінде сабақ өткізді,  гуманитарлық және эстетикалық бағыттағы мұғалімдердің көпжылдық ынтымақтастық тәжірибесін көрсетті.

    Семинарға қатысушылар ұсынылған материалдар мен педагогтердің жұмысына жасалған талдауды жоғары бағалады.


Пікір жоқ
402 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.12.2021 в 16:40

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour