2021 жылғы 30 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының балалар өкілдіктері мен мектептік өзін-өзі басқару президенттері көшбасшыларының алғашқы онлайн-слеті өтті.
2021 жылғы 30 қарашада Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне балалар мен жасөспірімдерге жеке шығармашылық және көшбасшылық мүмкіндіктерін көрсету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының балалар өкілдіктері мен мектептік өзін-өзі басқару президенттері көшбасшыларының алғашқы онлайн-слеті өтті.
Оған 13 аудан мен Петропавл қаласының көшбасшылары мен белсенділері қатысты. Балаларға мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша өз аудандарында одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін құрдастарының қызықты жобалары мен баяндамалары ұсынылды.