2021 жылғы 18 қарашада онлайн форматта "Эколята-дошколята" облыстық экологиялық жобалар (стартаптар) фестивалінің қорытынды кезеңі өтті.
Фестиваль мектепке дейінгі білім беру жүйесінің "Әр бала - бір жұлдыз" өңірлік жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты орайластырылды. Табиғатты қорғау іс-шарасына барлығы 147 экологиялық жоба қатысты. Қорытынды кезең Zoom платформасында өтті және онда 10 команда кездесті. Балалар өздерінің жобалары, жаңа білімдері, атқарылған жұмыстары туралы үлкен ықыласпен және қызығушылықпен айтып, жоба нәтижелерін көрсетті. Балалар, мұғалімдер онлайн режимінде өзара әрекеттесудің қосымша тәжірибесін алды. Қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсер алды.
Белсенді қатысқаныңыз үшін рахмет! Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік, табыс , жаңа жеңістер!