2021 жылдың 25 наурызында облыстық биология және химия пәндері мұғалімдерінің ассоциациясы қызметі аясында биология пәні мұғалімдеріне арналған «КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІК»облыстық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне 150-ге жуық химия және 215 биология пәндері мұғалімдері қатысты.
Бұл олимпиада биология пәні бойынша жоғары ғылыми-пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтерін анықтау мақсатында өткізілді.
Мұғалімдердің қатысуы педагогтердің шығармашылық даралығын және олардың кәсіпқойлығының жоғары деңгейін қолдауға жағдай жасайды, олардың жеке өзін-өзі дамытуы негізінде жаңа құзыреттіліктерді қалыптастырады.
Сонымен қатар, олимпиада ғылыми білімді насихаттайды және педагогикалық мамандықтың беделін арттыруға ықпал етеді.