2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының XI халықаралық конкурсы қашықтықтан өтті. Біздің команданы Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 10 оқушысы (8 жоба) лайықты таныстырды.
Осы байқаудың қорытындысы бізде төмендегідей:
1 орын – Шериев Даурен (Әбу Досмұхамбетова атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты)
2 орын – Ибраева Камила (Әбу Досмұхамбетова атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты), Турсункулов Рахмон (Кызылжар ауданы, Бәйтерек орта мектебі)
3 орын - Калиаскарова Нурайым (М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі), Ефимов Дмитрий и Қайса Батырхан (№ 26 мектеп - балабақша), Жолымбет Табиғат (Саумалкөл қазақ орта мектебі).