Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурстың қорытындысы


Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурстың қорытындысы
Ұлы ғалым Әбу Насыр Әл - Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы оқушылардың ғылыми – зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту мақсатында 2020 жылғы 23-27 қараша аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында Әл – Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурс өткізді.
Байқауға облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінен 14 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Шериев Дәурен I дәрежелі дипломға ие болды.
II дәрежелі дипломдарды – Петропавл қаласының № 7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сурнин Антон, Петропавл қаласының Жалпы білім беретін Бірінші қалалық IT- лицейінің 11 сынып оқушысы Ленгард Андрей, ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Абдулгазинов Алим, Аққайың ауданының №1 Смирнов ОМ 11 сынып оқушысы Кузнецова Валентина алды.
III дәрежелі диплом - Абу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия - интернатының 11 сынып оқушысы Абишева Сабина, ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Тыртышный Кирилл.
М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп - лицейдің 9 сынып оқушысы Нұрбаев Эльдар, №25 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Курсабаева Томирис, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Қожаева Ғалия «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталды.
Өңірлердің салыстырмалы талдау нәтижелеріне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының командасы жоғары көрсеткішпен көшбасшылыққа енді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!


Пікір жоқ
631 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 09.12.2020 в 17:42

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour