2020 жылдың 25 қараша күні Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен «Сапалы білімге тең қол жетімділікті қамтамасыз етудегі ресурстық орталықтың рөлі» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті .
Мақсаты : Сапалы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету және кеңейту, тірек мектепте (ресурстық орталықта) ШЖМ білім беру ресурстарын шоғырландыру.
Қатысушылар: Аудандық білім бөлімдердің әдіскерлері, ресурс орталықтар және Павлодар облысының білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациалық орталығы.
Ғабит Мұсрепов атындағы ауданның ресурс орталықтары өз тәжрибесімен бөлісті.
Семинарда келесі сұрақтар бойынша баяндамалар жасалды: «Ресурстық орталық-қашықтықтан оқыту жағдайында сапалы білім беруді қамтамасыз ету құралы»; «Сыныптан тыс жұмыстар оқу іс-әрекетінің құрамдас бөлігі ретінде», "Оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы бойынша педагог-психологтың жұмысын ұйымдастыру», «Консультативтік және практикалық көмек көрсету» т.с.с.