Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Жылдың үздік психологы -2020» атты байқауының республикалық кезеңінің қорытындысы


 

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты 2020 жылы «Жылдың үздік психологы» байқауының республикалық кезеңі 4-11 қараша аралығында қашықтықтан өткізілді. Байқау білім беру ұйымдарының педагог-психологы мамандығының мәртебесін арттыру, кәсіби құзыреттілікті оңтайлы меңгергенін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Республикалық кезеңге педагог-психологтардың 6 жұмысы жіберілді.

IX республикалық «Жылдың үздік психологы» байқауының қазылар алқасының шешімі бойынша номинация бойынша дипломдар мен грамоталармен марапатталды:
II дәрежелі диплом - Мусакулова Камилла Талғатовна,  Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, «Дюймовочка» б/б; Соснорова Ольга Владимировна, Қызылжар ауданы, «Налобин орта мектебі» КММ;

III дәрежелі диплом-Андыбаева Айгуль Геннадьевна, Петропавл қ., «№8 жалпы білім беретін орта мектеп – эстетикалық тәрбие кешені» КММ; Акишева Айнур Ерболовна, Петропавл қ. «Қожаберген атындағы №6 орта мектеп» КММ;

Номинация бойынша грамота-Попова Ильина Александровна, «Ақ қайың» бөбекжайы  МКҚК, Петропавл қаласы;

Қатысқаны үшін сертификат - Вьюник Эльвира Андреевна, Мамлют ауданы, «Михайловка ОМ» КММ.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды кәсіби жетістіктерімен құттықтаймыз!


Пікір жоқ
564 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 12.11.2020 в 09:27

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour