2020 жылғы 28 қазанда қашықтықтан 8-9 сынып оқушылары арасында жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының (7-8 сыныптардың оқу бағдарламасы бойынша) қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарының 27 оқушысы қатысты, оның ішінде 14 оқушы «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейі» КММ, 11 оқушы «Лорд» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ, 1 оқушы «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ, 1 оқушы «Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді: математика, физика, информатика, химия, биология, география. Олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижелері кейінірек жарияланады, жаңалықтарды қадағалаңыз.