Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Облыстық семинар «Ұлы даланың жеті қыры-жарқын болашақтың кепілі»

Облыстық семинар

«Ұлы даланың жеті қыры-жарқын болашақтың кепілі»


2019 жылдың 6 мамыр күні Уәлиханов ауданында «Балдәурен» және «Күншуақ» КМҚК-ы бөбекжай бақшаларында «Ұлы даланың жеті қыры-жарқын болашақтың кепілі» атты облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумға Тайынша, Ақжар, Қызылжар,және Петропал қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары, мектепалды сыныптарының тәрбиешілері 60 тан астам педогог қатысты.

Семинар-практикум барысында күннің бірінші жартысында «Балдәурен» және «Күншуақ» бөбекжай бақшаларында ұйымдастырылған оқу қызметінің практикалық кезеңі өткізілді. Күннің екінші жартысында «Балдәурен» бөбекжай бақшасында «Ұлы даланың жеті қыры-жарқын болашақтың кепілі» тақырыбындағы шеберлік сыныптары, презентациялар, көрмелер көрсетілді.

Семинар-практикумға қатысушылар патриоттық бағыты терең бұл тақырыпты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қалай және қандай түрде іске асыру туралы ақпараттармен таныса отырып, практикалық кезеңде тәрбиеленушілермен іске асыру жолдарымен танысты.
1
2
3
77


Пікір жоқ
644 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 15.05.2019 в 12:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour