Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы білім берудің сапасын, мектептердің жұмыс істеу мен басқару жүйесінің сапасын арттыру мақсатында Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы негізінде Сапа орталығын құрған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы білім берудің сапасын, мектептердің жұмыс істеу мен басқару жүйесінің сапасын арттыру мақсатында Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы негізінде Сапа орталығын құрған.


Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы білім берудің сапасын, мектептердің жұмыс істеу мен басқару жүйесінің сапасын арттыру мақсатында Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы негізінде Сапа орталығын құрған. Құрылған  орталықтың  міндеті білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын ұйымдастыру және жүзеге асыру, сонымен қатар және жоғары сыныптарда жаратылыстаны-ғылыми цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытылуына тегіс көшу үшін әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.    Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Сапа орталығы ББ, НЗМ, ПШО мамандарын – келісім бойынша жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін тарта отырып мобильді топтардың қызметін үйлестіреді.  

     Әрбір маман  жеке топқа бекітіліп, сол топтың төменде көрсетілген бағыттар бойынша атқарылған жұмыс сапасына жауап береді:  

  1. Жаңартылған білім беру мазмұны;
  2. 3-тілділік білім беруді енгізу;
  3. Оқушылардың білім сапасын бақылау;
  4. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру

Күзгі демалыс уақытында әдістемелік көмек көрсету және жаңартылған білім беру бағдарламасының мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында  М.Жұмабаев атындағы, Есіл аудандарына мобильді топтардың баруы ұйымдастырылды. 

       







       

Сонымен қатар Білім басқармасы, Әдістемелік жұмыс орталығы. Педагогикалық шеберлік орталығы, Петропавл қ. Назарбаев зияткерлік мектебі бірлесіп жасаған жоспар негізінде күзгі демалыс уақытында, 3 қазан – 3 қараша аралығында облыс педагогтері үшін үлкен жұмыс жоспарланған. Жоспарланған жұмыстарға сәйкес облыс педагогтері сабақтарға, шебер-сыныптарға, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асырудың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысу мүмкіндігіне ие болады.   

      Мектеп жаттықтырушылары мен критериалды бағалау бойынша үйлестірушілері үшін білім беру және оқыту тәжірибесіне критериалды  бағалау моделін енгізу кезінде мұғалімдерге қолдау мен әдістемелік көмекті көрсету бойынша  бірыңғай жұмыс жоспарын әзірлеу,  сонымен қатар  бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруын қамтамасыз ету мақсатында тәржірибе семинары ұйымдастырылды. Күн сайын облыстың 300-ге жуық мұғалімдері жоспарланған іс-шараларға қатыса алады.     

 






     


 


Пікір жоқ
1337 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 01.11.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour