Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Абу-Дабидегі WorldSkills

WorldSkills Abu Dhabi - 2017 44-ші әлем чемпионаты қазанның 14 бастап 19 дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасындаөтті, оған 52 компетенция бойынша медальдарға күресу үшін 77 елдің-халықаралық қозғалыстың қатысушылары 1300 жас кәсіпқойлар жиналды.


Абу-Дабидегі WorldSkills

WorldSkills Abu Dhabi - 2017 44-ші әлем чемпионаты қазанның 14 бастап 19 дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасындаөтті, оған 52 компетенция бойынша медальдарға күресу үшін 77 елдің-халықаралық қозғалыстың қатысушылары 1300 жас кәсіпқойлар жиналды.

 Қазақстаннан «Сухое строительство и штукатурные работы» компетенциясын Қазақстанның бас сарапшысы Слипецкий Иван Иванович және қатысушы Евгений Смирнов - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері ұсынды. Евгений 18 елдің конкурсанттарымен жарысқа түсті, олардың ішінде Германия, Швейцария, Австрия, Великобритания, Бразилия, Қытай, Франция, Жапония және т.б. 

Конкурстық тапсырманы орындау барысында  қатысушыларға гипсокартоннан капталған қаңқалы-қаптамалы құрылымды құру, жікті бітеу, бұрышты арматаралау және бетті тегістеу, гипстен молдингтерді және плинтустарды орнату, сонымен бірге шығармашылық тапсырма-фристайлды орындау қажет болды.

Бірінші кезеңде қатысушылар, жұмыстың жылдамдығын, нақтылығын және әрекеттердің реттелгендігін көрсетіп, жұртты шиеленістірді, ал екінші кезең екісағаттық жарысқа қатысушылардың шеберлігін, шығармашылығын және фантазияларын рақаттана, сүйсіне бақылау болды. Қатысушылардың бәрі де тапсырманы орындады.

Әлемдік чемпионатқа қатысу Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің өкілдері – еліміздің үздіктері және әлемдік жоғары дәрежелі мамандармен күштерін сынасқанын көрсетті.

Чемпионаттың жабылу рәсімінде Евгений Смирнов еліміздің үздік өкілі ретінде «Best of nation» марапатын алды. Бұл оның осы деңгейдегі екінші сыйлығы. Біріншісін ол Швецияның Гетеборг қаласында EuroSkills 2016 чемпионатында алды. Конкурсантты дайындау үшін біздің серіктестеріміз – «КНАУФ Гипс Капчагай» ЖШС, әлемге әйгілі КНАУФ компаниясының бөлімшесі, колледжді машықтану үшін барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етті. Соңғы нәтиже алдыңғыдан да жақсы болғанына олар мүдделі. (фото3)

Бірінші курс студенттері, байқаудың көрермендері аса қызығушылықпен және чемпионаттарға болашақта қатысу сенімімен жарыстарды бақылады, олардың әр қайсысы осындай жоғары нәтижелерге жеткісі келеді. Олар, мамандықтың егжей-тегжейін жете үйрену және тынбай жаттығу оларға қатысуға ғана мүмкіндік беріп қоймай, WorldSkills қозғалысының ұлттық және халықаралық чемпионаттарындағы жеңіске де мүмкіндік беретінін, жақсы түсінеді.

19 қазанда  WorldSkills Abu Dhabi - 2017 әлем чемпионатының салтанатты жабылу рәсімінде жарыстар туының Абу-Дабиден ресейлік Казаньға – 2019 жылғы келесі жарыстардың қала-ұйымдастырушысына тапсырылды.












Пікір жоқ
1107 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 25.10.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour