Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

Абай – ақын, Абай – дана.


📌Абай – ақын, Абай – дана.
2025 жылғы 23 сәуірде «Қызылжар Абай орта мектебі» КҚ базасында
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған  «Абай мұрасы және әлемдік руханият» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және «Қызылжар Абай орта мектебі» КҚ 5 жылдық мерей тойы өтті.
 📎Абай мұрасын заманауи, жаңаша тұрғыдан зерделеу арқылы қазіргі білім беру жағдайында жастарға рухани тәрбие беру жүйесін дамытуға қажетті тың идеяларды жинақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы, «Қызылжар Абай орта мектебі» корпоративтік қорының президенті, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қозыбаев атындағы СҚУ профессорлық-оқытушылық құрамы, ардагер ұстаздар, облыс қоғам қайраткерлері, Ресей Федерациясы өкілдері, Ақмола, Қостанай облыстарының Абай мектептерінің өкілдері, облыстың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысып, терең мазмұнды ой-пікірлер, баяндамалар жасалды.
🔖Конференцияда пленарлық мәжіліс пен 3 талқылау алаңы жұмыс жасады:
1-алаң. TEDx форматында талқылау.
2-алаң. Дөңгелек үстел.
3-алаң. Тәжірибе алаңы.
Конференция аясында Абай шығармашылығының адамзаттық құндылықтармен үндестігі, рухани жаңғырудағы рөлі мен әлемдік әдебиетпен сабақтастығы кеңінен талқыланды.
Абай ілімі – тек қазақ халқына ғана емес, күллі адамзатқа ортақ рухани қазына екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Абайдың: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген асыл сөзі – бүгінгі қоғамға бағыт беретін ұстаным екені даусыз.


Комментариев нет
154 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 24.04.2025 в 20:07

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour