📚Ғылым мен педагогика – қоғамның даму құралы. «12 сәуір – Ғылым күні» аясында және ұлы ғалым әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына байланысты 2025 жылдың 10 сәуірінде «әл-Фараби» мектеп-лицей базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Сандық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – заман ағыма сай сандық ресурстарды оқу үдерісінде тиімді қолдану және мұғалімдердің өзара кәсіби тәжірибе алмасуын жетілдіру. Семинарға отыздан астам қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.
Білім ордасының директоры Байбурина Ә.Н. мектеп ұжымының жетістіктерімен, ұлттық көрмелерімен таныстырып, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жұмыс түрлерін көрсетті.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері сандық ресурстарды, жасанды интеллект, көркем шығармаларды оқытуда комикстерді және ғаламтор желісіндегі түрлі ойындарды, сайттарды қолдануға байланысты шеберлік сыныбы мен ашық сабақтар өткізді. Семинарға қатысушылар өздеріне сандық ресурстар бойынша көптеген ақпараттар алып, қоржындарын толтырып қайтты.