Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

15 мамыр Халықаралық отбасы күні. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.


⚜️15 мамыр Халықаралық отбасы күні. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет
пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.
Осыған орай «Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастыруымен «Смағұл
Сәдуақас атындағы №2» КММ орта мектебінде және «Әлихан Бөкейхан
атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ базасында «Ата-
аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі аясындағы мектеп пен
отбасының өзара іс-қимылы: тәжірибиесі мен болашағы» атты облыстық
семинар ұйымдастырылды.
📌Іс-шараның мақсаты - ұлттық құндылықтар негізінде ата-аналарға қолдау
көрсете отырып, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың берік
іргетасын қалау.
📌Семинарға облысымыздың әр аудандарынан директорлардың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер,
сынып жетекшілер жалпы 70 – тен астам педагог келіп, өз іс-
тәжірибиелерімен бөлісті. Семинарға қатысқан әр қатысушы өздерінің
қоржындарына құнды ақпараттармен толтырды.
📌Бұл өткізілген семинар болашақта ата-аналарды педагогикалық қолдау
орталығының жұмысын одан әрі белсенді дамытуға өз үлесін қосады деген
үміттеміз.
📌Семинар соңында «Ауыл» партиясымен бірлесіп ұйымдастырылған
«Отбасылық дәстүрлер» бейнероликтер байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға 40 -тан астам өтінім түсіп, оның ішінде қазылар алқасының
мүшелері СҚО-ның 6 оқушысының үздік жұмыстарын іріктеп, сондай-ақ,
«Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастырған «Ата-аналар жиналысының
үздік әзірлемесі» байқауында дипломдармен бағалы сыйлықтармен
марапатталды. Жаңашыл форматта ата-аналар жиналысын өткізген педагогтер
«Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің атынан алғыс хаттарға ие болды.
📌Әрбір Қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз,
біздің Отанымыз нығая берсін.


Комментариев нет
311 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 15.05.2024 в 18:05

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour