2023 жылғы 1 қыркүйекте Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының ұжымы кезекті мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. біртұтас ұлт, берекелі қоғам» Қазақстан халқына жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы білім беру жүйесі ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.
«2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» деген нақты үкімет алдына қойған талаптары қуантады.
Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңыздылығын біздің ұстаздар да, әдіскелер де қолдап, мемлекет тарапынан жасалып жатқан оң өзгерістерді іске асыруға дайын.
Комментариев нет
281 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 01.09.2023 в 14:29