Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

«Оқытушының кәсіби дамуын және тәжірибесін арттыратын мүмкіндіктер» атты семинар

    2022 жылдың 28 ақпаны күні Есіл ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен семинар өтті.


🔹2022 жылдың 28 ақпаны күні Есіл ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен «Оқытушының кәсіби дамуын және тәжірибесін арттыратын мүмкіндіктер» атты тақырыпта семинар өтті.
🔹 Жалпы қатысушылардың саны 45 адам. Семинарда «Мемлекеттік тілдің мәртебесі – Ел мәртебесі» тақырыбында - Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Әсел Қайырқызы сөз сөйледі.
🔹2021 жылы 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиеті съезіне қатысқан, Корнеевка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақыпова Ақмарал Оралқызы «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы мәселелер мен жаңа көзқарас» тақырыбында сөз сөйлеп, съезде қарастырылған мәселелерді ортаға салып, жаңашылдықтармен бөлісті.
🔹«Оқытушының кәсіби дамуын және тәжірибесін арттыратын мүмкіндіктер» атты тақырыпта Есіл ауданы білім бөлімінің әдіскері Елеукина Маржан Жақанқызы сөз сөйлеп, аудан мектептеріндегі кадрлық сараптама, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуы мен жетістіктері туралы айтты.
🔹Семинардың екінші бөлігінде аудан көлемінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің Қауымдастығы құрылып, облыстық зертхана тобына мүше тағайындалды.
🔹Семинар қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін марапаттаумен аяқталды.


Комментариев нет
750 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 01.03.2022 в 23:22

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour