Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Абай әлемі» атты II Республикалық шығармашылық байқауы өтті.
Барлығы облыстан 12 оқушы бақ сынады.
Республикалық байқау үміткерлері жүлделі орындарды еншілеп, ұстаздарын қуантты. Атап айтар болсақ, алғыс хатпен өңіріміздің оқушылары марапатталды.
Айыртау ауданының 8-сынып оқушысы Жакупова Дильназ, 9-сынып оқушысы Ерсаинова Елдана, Ақжар ауданының 10-сынып оқушысы Қаблаш Аида, Есіл ауданының 9-сынып оқушысы Жаныбекова Айнур, Мамлют ауданының 10-сынып оқушысы Садыржан Ақжол, Петропавл қаласының 11-сынып оқушысы Марат Батырхан алғыс хатпен марапатталды.
3-ші орынды иеленген Петропавл қаласының Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Есмағанбет Әсия, 10-сынып оқушысы Боғдат Бекзат, Айыртау ауданының Дауқара орта мектебінің 8-сынып оқушысы Қаратаева Қарлығаш иеленді.
2-ші орынды иеленген Петропавл қаласының Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Бекбаулова Алуа, Уәлихан ауданының 11-сынып оқушысы Мұқан Аружан қанжығасына байлады.
1-ші орынды Петропавл қаласының Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Темірғали Айгерім иеленді.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Комментариев нет
452 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 01.03.2022 в 16:15