Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Балаларды ерте дамыту институты ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер, Құзырет орталықтары және мобильді топтардың қызметі» тақырыбында вебинар өтті.


🔰Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Балаларды ерте дамыту институты ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер, Құзырет орталықтары және мобильді топтардың қызметі» тақырыбында вебинар өтті.
🔖Вебинардың мақсаты – консультациялық пункттердің, мобильді топтардың және Құзырет орталықтарының жұмысын жетілдіру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру болды.
📎Вебинарға Балаларды ерте дамыту институтының мамандары, білім басқармаларының мамандары, облыстық, қалалық және аудандық әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлері, мобильді топтардың басшылары, Құзырет орталықтарының меңгерушілері қатысты.
📌Онлайн іс-шара барысында біздің өңірдегі консультациялық пункттер, мобильді топтар және Құзырет орталықтарының жұмыс тәжірибесі таныстырылды. Облыста 372 консультациялық пункт, 3 Құзырет орталығы, 15 мобильді топ жұмыс істейді: аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттер деңгейінде 14 топ және 1 облыстық топ.


Пікір жоқ
114 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.09.2024 в 17:46

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour