Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

🔰 2023 жылғы 9 маусымда СҚО Дебаттық қозғалыс қауымдастығының қорытынды отырысы өтті, оған 20 педагог қатысты.


🔰 2023 жылғы 9 маусымда СҚО Дебаттық қозғалыс қауымдастығының қорытынды отырысы өтті, оған 20 педагог қатысты.
Қорытынды отырыстың тақырыбы: "Пікірталас қазіргі заманауи сабақтың бір түрі ретінде". Іс- шараның мақсаты - мектепте дебат қозғалысы бағыттарының идеологиясын оқушыларды қазіргі заман қоғамы мен мемлекет өміріне табысты әлеуметтік бейімдеу,жастардың бейнесін қоғамның белсенді бөлігі ретінде нығайту.
Осы отырыста дебаттық қозғалыстың 2022-2023 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы шығарылды.
Отырыс барысында Қауымдастық мүшелері дебат қозғалысындағы өзекті мәселелерін, дебат жетекшілерінің арасында тәжірбие жинақтауы мен таратуды қарастырды.
Қауымдастықтың 2022-2023 жылдарындағы жұмысын қорытындылай келе, өткен жыл жемісті өтті, қауымдастықтың дамуының жаңа кезеңдерін әкелді, және де кәсіби құзреттілігін дамытуға ықпал етті деуге болады.
Қауымдастық қатысушылары жаңа 2023-2024 жылына арналған мақсат міндеттерін талқылап жаңа жұмыс жоспары құрылды.


Пікір жоқ
138 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 13.06.2023 в 10:14

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour