Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша аймақтық семинар-кеңестер

 Бүгін Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарының педагогтарымен кездесу өтті.


✅ Алдағы аттестаттау науқанына педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша аймақтық семинар-кеңестер сериясын жалғастырамыз. Бүгін Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарының педагогтарымен кездесу өтті.
🔹Семинарға облыстық аттестаттау комиссиясының, сараптамалық кеңестің мүшелері, Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау жөніндегі үйлестірушілер қатысты. Қатысушылар жаңа оқу жылында педагогтерді аттестаттаудан өткізуді сараптау және сүйемелдеу рәсімдерінің өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ өткен оқу жылының аттестаттау қорытындысын шығарды.
🔹Семинар барысында аттестаттаудың нормативтік-құқықтық базасын сауатты қолдану, белгіленген қағидаларға сәйкес аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелеріне басты назар аударылды. Аттестатталушының педагогикалық қызметін зерделеу тәсілдері ашылды. Семинар аясында аттестаттау рәсіміндегі типтік қателіктер және олардың алдын алу жолдары қарастырылды. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңартылған ережелерінің жобасы талқылауға ұсынылды.
🔹Семинар жұмысы аттестаттаудың проблемалық мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізумен аяқталды. Семинарға қатысушыларға білім беру ұйымдарында аттестаттау өткізуді ұйымдастыру бойынша құжаттар мен материалдардың функционалдық пакеті ұсынылды.


Пікір жоқ
212 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.11.2022 в 21:05

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour