Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Жаңа мазмұндағы инклюзивті білім беру

2022 жылдың 10 қарашада «Жаңа мазмұндағы инклюзивті білім беру: білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау» атты семинар өтті.


✅ 2022 жылдың 10 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданының Чистов орта мектебінде «Жаңа мазмұндағы инклюзивті білім беру: білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау» атты семинар өтті.
🔹Мақсаты – инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтардың жұмысын жетілдіру. Семинарға 90-ға жуық педагогтар, олардың ішінде оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, білім беру бөлімінің әдіскерлері, логопед-дефектологтар, педагог-психологтар қатысты.
🔹Семинар барысында жалпы «Инклюзия» термині, инклюзивті білім беру мәселелері, нормативтік құжаттар туралы, заман талабына сай білім беру үрдісінде оқытуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларға жалпы орта білім беру деңгейінде оқу мақсатына жетелейтін табысты оқыту ортасын құру туралы сөз етілді. Сабақ барысында пән мұғалімдері оқу мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру ерекшеліктері, кері байланыс ұсыну, тоқсандық, бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру мәселелері талқыланды. Аудан көлеміндегі педагогтар көтерілген тақырып төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.
🔹Педагогтар семинарды жоғары деңгейде өтті деп бағалады.


Пікір жоқ
182 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.11.2022 в 20:15

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour